"Сергек" тәртіпті серпілтеді

1.jpg    

Қала қауіпсіздігі мен тәртіпті сақтау мақсатында Шымкент көшелеріне «Сергек» камералары орнатыла бастады. Аппаратты-бағдарламалық кешен әзірге пилоттық режимде орнатылуда. Жоба 29 тамызда Шымқалада өткен Shymkent Digital Day қорытындысы нәтижесінде жүзеге асып отыр. Алғашқы «Сергек» кешені Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесі қиылысында орнатылды. Әзірге камералар  тек жол ережесін бұзушылықтарды анықтауда. Жалпы «Сергек» камерасы келесідей ереже бұзушылықтарды анықтайды: жылдамдықты асыру; қызыл сызыққа өту; тыйым салынған жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытқа жүруге арналған жағына шығу. Мамандардың мәліметінше аппаратты-бағдарламалық кешенді қаладағы 35 жол қиылысында орналастыру жоспарлануда, жалпы 160 бейнекамера орнатылмақ. Жаңа видео-фототіркеу жүйесі іске қосылғаннан кейін мамандар сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді дейді.  "Сергек"-тің қырағы көзіне түскендер айыппұл төлейді.

    Қосымша айта өтсек, «Сергек» камерасы Астана қаласында  орнатылған. Бейнекамера арқасында, өткен жылмен салыстырғанда 2018 жылдың 8 айында жол-көлік оқиғаларының саны 22% -ға, жарақаттанушылар саны 21 %-ға, ал жол-көлік оқиғасынан қаза болушылар саны 50% -ға төмендеген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер