Цифрлы жүйе қала өмірінің бөлшегіне айналуда

52.jpg     

Елбасы Шымкентке жасаған сапары барысында қаладағы цифрландыру жұмыстарына қанық болды. Мемлекет басшысына «Shymkent» ӘКК төрағасы Рашид Аюпов жаңа жобаларды баяндады. Төрағаның айтуынша білім беру жүйесінде білім беру сапасын жақсартуға және ашықтық қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған 4 жоба іске асырылуда. Бұлар - Indigo (Blockchain бағдарламасын пайдалана отырып, бүлдіршіндерді балабақшаларға автоматты түрде қабылдау), балаларды мектепке қабылдау бойынша Sakura жобасы,оқушылар арасындағы құқық бұзушылық санын азайтуға бағытталған I-mektep, t-hunter (мұғалімдерді қабылдау бойынша) жобалары. Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша қазір медқызметкерлерді жұмысқа қабылдау бойынша осындай бағдарлама әзірленуде. Тағы бір сәтті іске асырылып жатқан жоба – "Damumed", ол мобильді қосымша дәрігерді үйге шақыруға, дәрігердің қабылдауына жазылуға және емдеу мекемесінде есепке тұруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде Президент үшінші мегаполистің даму қарқынына жоғары баға беріп, бірқатар тапсырмалар берді.  

   Айта кетейік, Шымкент қаласындағы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы күнделікті 1600 адамға дейін қызмет көрсету мүмкіндігіне ие.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер