Елбасы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметімен танысты

0.jpg

Таяуда мемлекет басшысы Н.Назарбаев Шымкентке іс-сапармен келген болатын. Елбасы қаладағы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметімен танысты. Орталық төрағасы Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында "Қауіпсіз қала" жобасы іске асып жатқанын жеткізді. Жоба аясында зияткерлік қиылыстар саны 21-ге дейін артқан. Қалада 479 бейнекамера орнатылған. Қазір Астананың тәжірибесі бойынша Шымкентте "Сергек" жүйесі орнатылуда. "Қоғамдық көлік" жобасы аясында 2019 жылы 30 автобус электронды билет жүйесімен жабдықталады. Сонымен қатар 2019 жылдың бірінші тоқсанында 300 жаңа автобус, 2019 жылдың соңына дейін тағы 700 автобус сатып алу жоспарлануда. ТҮКШ және АӨК саласында да жобалар бар. Сондай-ақ, қаланы басқару жүйесіне жасанды интеллектті енгізу жөніндегі жоба жасалған. Қазір үш бағытта жұмыс жүргізілуде: ақылды экономика, әлеуметтік сенім және АӨК бағалау бойынша модуль құру. Start Up жобаларды жүзеге асыратын "Shymkent TechGarden" цифрлық орталығын құру жоспарда тұр. Анықтама ретінде, Шымкент қаласындағы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы Астана қаласының 20 жылдығына орай ашылған. Жалпы алаңы - 6 600 шаршы метр. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бір терезе қағидаты бойынша жұмыс жасайды. Мұнда тұрғындарға кәсіпкерлік, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша қызмет көрсетіледі. Еске салайық, орталық Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы аясында іске қосылған. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер