2025 жылы Шымкент халқы 1,3 млн адамға жетеді

02.jpg

Мемлекет басшысы Шымкентке жасаған сапарын қорытындылап, жиын өткізді. Онда Елбасы мегаполистің дамуының басты бағыттарын айқындап, бірқатар тапсырмалар берді. Болашақ - ірі қалаларда. Мегаполистер арасындағы бəсекелестік арта түседі. Шымкенттің де даму көшінен қалып қоймауы үшін əлеуеті жеткілікті. Қаладағы халық саны миллион адамнан асты, мегаполис Астана мен Алматы сияқты дамуы тиіс. Шымкенттің өзкнің дамуы стратегиясын қалыптастыру керек»,- деді Н.Назарбаев. Президент миллионды қала дамуы тиіс бірнеше бағытты нақтылап берді. Ең бірінші, Шымкент Орталық Азияның ірі экономикалық жəне туризм орталығы атануы тиіс. «Туризм - əлемдегі ең табысты бизнес. Ал Шымкенттің мүмкіндіктері мол: қалада саябақтар, цирк, дендросаябақ, зообақ, концерт залдары бар. 2020 жылы Шымкент ТМД-ның мəдени астанасы атанбақ. Соған дайындалу керек» керек деген Елбасы Шымкентте медицина, фармацевтика, құрылыс индустриясы секілді экономиканың əлеуетті салалары да  дамуы тиіс екенін тілге тиек етті. Ал үшінші тапсырма ретінде Мемлекет басшысы жастарды қолдау мен білім беруді жақсартуды тапсырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы 2025 жылы Шымкент халқының саны 1,3 млн адамға жететінін, осыған орай мегаполиске жаңа балабақшалар, мектептер мен ауруханалар қажет екенін атап өтті. Оларды салу үшін инвесторларды жұмылдыру керек деді Елбасы. Ал Шымкенттің əкімі Ғабидолла Əбдірахымов Мемлекет басшысына Қала күні мерекесі ретінде 19 маусым күнін ресми бекітуді ұсынды. Айта кетейік, дəл сол күні Елбасы Шымкентке республикалық қала мəртебесін беру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

 

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенте торжественно отметили День Республики и 35-летие Декларации о государственном суверенитете
  • Шымкентте Республика күні мен Егемендік декларациясының 35 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтт
  • «Нужно ценить каждую минуту на свободе»:
  • Есірткі қылмысы үшін сотталған қыз өкінішін айтты
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЕҢБЕК ӘУЛЕТТЕРІ МЕН ҚАРАПАЙЫМ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер