Қала әкімі дипломаттармен кездесті

51.jpg

Шымкентте дипломатиялық қарым-қатынас пен инвесторлармен байланыс нығайып келеді. Таяуда қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бірқатар елдердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кездесті. Оңтүстік Кореяның, Литва және Оңтүстік Африка Республикаларының дипломаттарымен кездесу барысында Шымкенттің Ұлы Жібек жолы бағытында ірі көлік хабы ретіндегі мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, туризм, білім және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері де көтерілді. Шаһар әкімі Шымкентте шетелдік инвесторлар үшін әрдайым ашық екенін атап өтті. Қалада алдағы уақытта жаңа индустриялық аймақтар ашу жоспарланып отыр. Шетелдік инвесторларды жан-жақты қолдау үшін барлық жағдайлар жасалуда, әкімшілік кедергілер жойылып, қолайлы инвестициялық климат нығаюда. Кездесу соңында тараптар екі жақты іс-қимылға және өзара тиімді жобаларды бірге іске асыруға белсенді қатысуға сенім білдірді.

  Айта кетейік, Шымкент — Ұлы жібек жолы бойындағы ең ежелгі шаһар. Қалада ежелгі сауда жолынан сыр шертетін нысандар мен бейнелер көптеп кездеседі.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тазалық бар жерде береке бар
  • 40-тан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
  • 25 жылын құрылысқа арнады
  • Сапалы жолдар - білікті маманның жемісі
  • 25 колледждің базасы нығаяды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер