Ашық есік күніне келіңіз

78.jpg    

Елімізде онкологиялық аурудың салдарынан бір жылда 1500-дей адам көз жұмады. Оның негізгі себебі, дерттің дер уақытында анықталмауында. Мәселенің алдын алу үшін азаматтар жылына бір рет скринингтен өтуі тиіс. Алайда бұл іске келгенде немқұрайлылық танытатындар көп. Сондықтан Шымкент қалалық онкологиялық диспансерде қазан айы – «Ашық есік» күні ретінде белгіленді. Азаматтың қас жауына айналған аты жаман ауру қазақстандықтарды да айналып жүр. Бір реттік тексеру кезінде 4000 мыңға жуық азамат есепке алынып, соның 35 пайызы айналасы бір жылда бақилық болады. Әрине, қынжылатын жағдай. Дегенмен, дәрігерлер ауруды алдын алудың септігі мол деп отыр. Айтуларынша дерттің алғашқы санысында емделсе, рактан 100 пайыз айығуға болады.  Шымкент қалалық онкологиялық диспансері бас дәрігерінің орынбасары Дәулетбек Жұмағалидің айтуынша акцияның алғашқы күні дәрігерлер 9 азаматты тіркеуге алған. Ашық есік күні қатерлі ісікті ерте анықтауға септігін тигізуде.  Ақ халаттылар тұрғындарға жылына 1 рет тексеріліп тұруға кеңес берді. Ондағы мақсат – Елбасы айтқандай, аурудың алдын алып, азаматтардың салауатты өмір сүруіне жағдай жасау.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер