Цифрлық форматтағы қызмет түрі артып келеді

  5.jpg  

  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев пен ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Щеглова Шымкентке ат басын бұрды. Ақпараттық насихат тобын қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова бастап жүрді.  Мәртебелі қонақтар алдымен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының жұмысымен танысты. Мекеме басшысы Ғалымжан Балтаев мұнда қала халқына қызметтің 780 түрі цифрлық форматта көрсетілсе, оның 24-і жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына тиесілі мемлекеттік қызмет түрі екенін мәлімдеді.

   Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету залында 83 маман жұмыс істейді. Мұнда бір күнде келушілер саны 1 600-ге жетеді. Тағы бір артықшылығы, халыққа қызмет көрсету орталығында цифрлық сауаттандыру бойынша тегін оқытатын кабинеттер ашылған. Мұнда кез келген қала тұрғыны электронды қолтаңба ашу және жабу, үйден шықпай мемлекеттік қызметтерді алу, еnbek.kz порталынан жеке кабинет ашу, құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша өтетін сабақтарға қатыса алады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер