Тұрмыстық жемқорлықты жою қолға алынды

59.jpg     

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Амантайұлы Көмекбаевтың төрағалығымен Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті. Әдеп жөніндегі кеңес отырысы Шымкент қаласында орналасқан бірқатар мемлекеттік орган басшыларының және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуында өтіп, онда Әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс жоспары және кеңес мүшелерінің азаматтарды қабылдау кестесі бекітілді.

     Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізу керектігі тапсырылған. Осыған байланысты, Әдеп жөніндегі кеңес отырысында заңнаманы бұзудың профилактикасы және мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша Шымкент қаласының білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы және ветеринария, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармалары басшыларының атқарған жұмыстары тыңдалды. Нәтижесімен азаматтар мен шенеуіктердің тікелей қарым - қатынасы сыбайлас жемқорлықтықтың пайда болуына жағдай жасайтыны түсіндіріліп, мекеме басшыларына бұзушылықтарды алдын алу және электронды түрде қызмет алу үлесін арттыру бағытында тиісті тапсырмалар берілді. Осы ретте, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тарапынан Заң бұзушылықтарға жол берген қызметшілер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер