Алғашқы рейс

Screenshot_25.jpg

Енді шымкенттіктер мен қала қонақтары арзан бағамен Оңтүстік астанаға ұша алады. Кеше Алматыдан Шымкентке FlyArystan лоукостерінің алғашқы рейсі ұшып келді. Әуежайда қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Эйр Астана» әуекомпаниясының президенті Питер Фостерді күтіп алып, еліміздегі алғашқы бюджеттік әуекомпаниясының жұмысына сәттілік тіледі. «Еліміздің үшінші мегаполисіне арнайы келген Питер Фостер мырзаға алғысымды білдіремін. Алғашқы рейстің сәтті қонуымен құттықтаймын. Бұл – қала тұрғындары мен қонақтары үшін тамаша жаңалық. Өйткені біздің қаламыз арқылы көршілес облыс пен Өзбекстан азаматтары ұшады. Әуекомпаниясының алдағы жұмыстарына сәттілік тілеймін, - деді қала әкімі.

    Бұл бағытта енді 180 орынды заманауи Airbus A320 әуе кемелері күнде қатынайды. Айта кету керек, Алматыдан Шымкентке бірінші рейс толып келді, біраз билет ең минималды тарифпен, 10 000 теңгеге дейінгі бағамен сатылған.

 «Эйр Астана» компаниясының президенті Питер Фостер де өз ойымен бөлісті. «FlyArystan компаниясының көмегімен жолаушылар алтын уақыттарын үнемдеп, лоукостермен сапар шегуді таңдайды деген сенімдемін. Алдағы уақытта рейстер мен әуе бағыттары көбейеді», - деді ол.

Шымкентке ең төменгі ұшақ билеті 4999 теңгеден басталатынын еске сала кетейік. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер