Ірі аурухана салынады

Screenshot_26.jpg

Үшінші мегаполистің тұрғындары жыл санап өсіп келеді.  Олардың денсаулығы мен өмір сапасы билікті де алаңдатады. Осы орайда қалада  1000 орынға арналған ірі аурухана мен ауысымына 700 адам қабылдайтын консультациялық-диагностикалық орталық салынбақ.

   Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов аталған ірі жобаны қаржыландырып отырған инвесторлармен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы бұл жоба Үкімет тарапынан бекітілген ірі жобалардың бірі екенін айтып, оны жүзеге асыру үшін әкімдік барынша қолдау көрсететінін жеткізді.

Құрылыс жұмыстарына әкімдік тарапынан 150 гектар жер бөлініп, сәулеттік-құрылыс жобасы бекітілген нысанның құрылыс жұмыстары тамыз айында басталады деп жоспарлануда. Жалпы жоба құны 180 млн. АҚШ долларын құрайды. Оның 15 пайызын жергілікті жеке кәсіпкер өз қаражаты есебінен қаржыландырса, қалған 80 пайызы инвестордың есебінен болмақ.

Жоба бойынша аурухана 6 корпустан тұрады. Оның ішінде, хирургиялық, терапиялық және ана мен бала орталығы, патологоанатомиялық бюро және сот-медициналық сараптама бюросы мен жедел медициналық және санитарлық-авиациялық көмек орталығы науқастарға жоғары деңгейде көмек көрсететін болады


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер