Шымкент тағы бір демалыс орнымен толықты

Screenshot_1.jpg    

Сәні мен салтанаты жарасқан Шымқалада тағы бір нысанның лентасы қиылды. Маятас елдімекенінде Бадам су қоймасы маңынан орын тепкен Hawaii Shymkent  демалыс орнының ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Данат Жумин, Халық қаhарманы Тоқтар Әубәкіров, Қазақстанның Құрметті журналисі Байдулла Қонысбек, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұт сияқты елге белгілі зиялы қауым өкілдері қатысты.

Данат Жумин жаңа нысан қаланың туризм саласының дамуына үлес қосып, бәсекелестік орта қалыптастыратынына сенім білдірді. Қазақ елінің тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әбубәкiров те ел игілігіне жұмыс істей беруіне сәттілік тіледі.

Жалпы құны 1 млрд 250 млн теңгелік жобаның құрылтайшысы – белгілі меценат Төкен Танаұлы. Аумағы 5,7 гектар кешенде бір мезетте 1500-2000 адам тыныға алады. Жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтін Hawaii Shymkent аймағы отбасымен демалуға таптырмас орын. 3 бассейн, демалыс орындары, мейрамхана, конференц залы бар. Мұнда құрылыс кезінде 250 адам жұмыс істеген. Қазір 85 адам қызмет істеп жүр. Барлығы да осы ауылдың адамдары.

«Бір айта кетерлігі, жанымызда Бадам су қоймасы бар. Ол қазір туризмге де жұмыс істеп тұр. Келешекте су қоймасы туризмнің орталығына айналар деген үміт бар. Болашақта қала әкімінің қолдауымен тағы да бірнеше жобаларды іске асыру ойда бар, - дейді жобаны іске асырушы Сенбай Сейсенов.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер