Шымкент қаласында ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Asia Trafo» зауыты ашылған. Бірегей трансформатор зауыты қаладағы «Тассай» өндіріс аумағында 12 гектар жерге орналасқан. Зауыт – кернеуі 110кВ-дан 500кВ-ға дейінгі трансформатор шығаратын Орталық Азиядағы бірден-бір өндіріс орны.
Кәсіпорын Қазақстандағы электротехникалық қондырғы шығаратын «Alageum Electric» құрамына жатады. Бұл жоғары технологиялық зауыттың құрылысы 2017 жылы басталды. Алғашқы күндердің өзінде-ақ энергетиктер бұл жобаны Қазақстан аумағындағы ең инновациялы зауыт деп атай бастаған болатын. Кәсіпорынның өнімі өзінің бірегей патенттелген технологиясы бойынша өндіріледі. «Asia Trafo» зауытының ашылуы Қазақстанмен қоса үшінші мегаполистің дамуына да елеулі үлес қосуда. Айта кету керек, «Alageum Electric» – Қазақстандағы іргелі электротехникалық компаниясы. Құрамында электроэнергетика, электромашина құрылысы және құрылыс саласын жүргізетін 30-дан астам кәсіпорыны мен зауыттары бар.
Кәсіпорынның өнімдерін алдағы уақытта ТМД елдерінің нарығына – Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттеріне, сондай-ақ Иран, Ауғанстан, Пәкістанға шығару жоспарланып отыр.