Қалада 3D форматта жолақ салынды

Screenshot_14.jpg

Елімізде алғашқы 3D форматындағы жаяу жүргінші жолы Шымкентте пайда болды. Бұл ерекше жүргіншілер жолағы «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бастамасымен салынған.

 Жаяу жүргінші жолы қала орталығындағы Айбергенов көшесінде пайда болды. Бұған дейін  аталған көшеде жай ғана белгі бар еді. Корпорацияның басқарма төрағасы Рашид Аюповтың айтуынша, үш өлшемді таңба идеясын ол шетелден алған. «Шымкент - жол қозғалысы  өте қарқынды дамыған қала. Бұл учаске жүргізушілер назарын өзіне аудартатын ерекше қосымша белгі болады деп үміттенемін. Мұндай тәжірибелер батыста қайғылы оқиғалар  санын бірнеше рет қысқартуға мүмкіндік берді», - дейді Рашид Аюпов. 

Айта кетейік, Шымкенттің аумағында бірнеше жылдан бері «Қауіпсіз қала» жобасы жүзеге асырылып келеді. Полиция департаментімен бірге жүзеге асырылатын жоба аясында қала бойынша 479 бейнебақылау камерасы орнатылған. Қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін интеллектуалды жол қиылысының саны 21-ге жетті. Пилоттық негізде «Сергек» жобасы іске қосылып, 104 камера орнатылды. Осында кешенді жұмыстардың нәтижесінде мегаполистегі құқық бузушылық деңгейі 16%-ға төмендепті. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер