Қоғам белсенділері саябақ салуға ат салысады

Screenshot_16.jpg

Бейнелеу өнері музейінде  «Shymkent Urban weekend» шарасы өтті. Жиында бас қосқан  суретшілер мен сәулетшілер, қоғам белсенділерінен құралған топ жыл соңына дейін құрылысы басталатын жаңа саябақтың жобасын талқылады. U:projects ұйымы Urban Forum Almaty жобасымен бірге миллионды қаланың белсенділеріне ашық алаң қалыптастырмақ.

Алғашқы күні алматылық Urban Forum Almaty жобасының жетекшісі Әділ Нұрмақов, «Shymkent» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Рашид Аюпов пен қоғам белсенділері қала саябақтарын әлемдік тәжірибе негізінде салыну туралы ойларымен бөлісті.

«Shymkent» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Рашид Аюпов бастамашыл топтың талап-тілектерін жаңа жобада ескеретінін айтып, қала тұрғындарына белсенділік танытқаны үшін алғысын білдірді.

– Біздің корпарация бүгінгі таңда екі жобаны жүзеге асыруда. Алғашқысы ескі қалашық болса, кейінгісі – Shymkent city жобасының құрылысы. Миллионды қала тұрғындары мен қонақтары үшін демалуға қолайлы саябақтар салуды өз жауапкершілігімізге алдық. Қосымша Тұран шағынауданы да осы тізімге енеді. Онда 8 гектар аумаққа Президент саябағы салынады, - деді Р.Аюпов.

Рашид Абатуллаұлының айтуынша, Shymkent city қалашығындағы 47 гектар аумаққа үш бөліктен тұратын үлкен саябақ түседі деп жоспарланған. Оның алғашқы бөлігінің құрылысы биыл басталады. Саябақтың жобасын жапон архитекторлары жасап жатқан көрінеді. Ал Ұлыбританияның астанасындағы саябақтарды негізге ала отырып, Шымкент ескі қалашығына жанға сая болатын орындар бой көтереді.

Екінші бөлім нақты ұсыныстарға арналды. U:projects қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тоқтар Әлімбековтің айтуынша, екі мегаполистің мамандары бірлесіп қаладағы саябақтарға зерттеу жүргізіліп, сарапшылардың бағалау жүйесі арқылы қолайлылық деңгейін анықтамақ. Тиісінше қоғам белсенділері жаңа жобаларға ұсыныстарын айтып, қазіргі парктердегі кемшіліктерді түзетуге атсалыспақ.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер