«Халыққа көмек» халыққа көмектесуде

Screenshot_10.jpg        

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Шымкент қаласына қызмет барысымен келді. Үшінші мегаполиске жасаған іс-сапары аясында партия филиалы ғимаратында орналасқан құқық қорғау қызметтері орталығының жұмысымен танысты.

        Жиын барысында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов «Халыққа көмек» ұлттық жобасы аясында құрылған бірыңғай әлеуметтік терезесінің атқарған жұмысымен таныстырды. Партиялық шара аясында 2019 жылдың 18 ақпаны мен 1 шілде аралығында 2737 азамат қабылданды. Оның  1333-і күнкөріс деңгейіне байланысты мемлекет тарапынан көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдемдесуді, жеке тұрғын үй салу үшін қолдау көрсетуді, баспанамен қамту мәселесіне қатысты қол ұшын созуды өтінген көпбалалы аналар.

          Бүгінгі күнге дейін қаралған мәселелердің – 619-ы оң шешімін тауып, 3087-сіне заңға сәйкес түсінік берілген. Сондай-ақ, Партия Төрағасының Бірінші орынбасары «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық құқық қорғау қызметтері орталығының жұмысымен танысты. Орталық азаматтардың шағымдарын дереу әрі тиімді шешу мақсатында 2017 жылдың желтоқсан айында ашылған. Онда 22 заңдық қызмет тегін көрсетіледі. Бүгінгі таңда орталықтың қызметіне 9000 астам азамат жүгініп, 4224 азамат прокурорлардың, 1164 азамат адвокаттардың қызметін пайдаланса, 1452 медиаторлардың, 964 әкімшілік және 335 жер қатынастары органдарының қызметіне жүгінген. 44 тұлға пробация қызметкерлерінің және психологтардың қызметтерін пайдаланған.

        Жиын соңында Бауыржан Байбек алда атқаратын жұмыстар туралы айтты. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер