Домбыраға ескерткіш орнатылды

Screenshot_11.jpg    

Шымкент қаласында "Ұлттық домбыра күніне" орай "Домбыра" ескерткішінің ашылу салтанаты өтті. "Түркістан" сарайының алаңында орнатылған ескерткіш авторы - Шымкент қаласының суретшілер одағы. Туындының биіктігі - 7,5 метр, ені 1,5 метр. Ескерткіштің бір ерекшелігі – жанына жақындаған кезде қазақтың күйі орындалады. Қала тұрғындары мұнда 30-ға жуық күй тыңдап, аспаптың қоңыр үнінен тамаша әсер ала алады. Ашылу рәсіміне қала әкімі, мегаполис тұрғындары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, өнер мектебінің оқытушылары мен шәкірттері қатысты. Құттықтау сөзін сөйлеген қала басшысы «қасиетті қара домбыра - қазақтың рухы және болмысы» екенін атап өтті. 

– Бәріміз үшін қуанышты күн. Домбыра аспап қана емес, қазақтық жаны, философиясы деуге болады. Бұл құндылық қала тұрғындарына, жас ұрпаққа серпін береді деп ойлаймын. Ескерткішті орнатуға қолдау көрсеткен қала мәслихатының депутаттарына, меценат азаматтарға өз алғысымды айтамын, - деді қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.

«Домбыра» ескерткіші қаланың ажарын ашып қана қоймай, туристерге халқымыздың мәдениетін, музыка өнерін танытуға үлес қоспақ. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 40-тан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
  • 25 жылын құрылысқа арнады
  • Сапалы жолдар - білікті маманның жемісі
  • 25 колледждің базасы нығаяды
  • Текесу тұрғын алабына 14 шақырым су құбыры жүргізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер