Непалдық кәсіпкер аквапарк салмақшы

Screenshot_13.jpg

Непалдық миллиардер Шымкентте аквапарк салмақшы. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Үкімет отырысынан кейін тілшілерге мәлім етті. 

Кәсіпкер «Chaudhary group» халықаралық холдингінің негізін қалаушы Бинод Чаудхари Шымкент қаласындағы «Happy land» отбасылық ойын-сауық кешенінің құрылысына инвестиция салуға дайын отыр. «Happy land» аквапарк, SPA & Resort қонақүйі, аттракциондар паркі, жабық ойын-сауық орталығы, табиғат паркі және гольф-клуб секілді алты сегменттен тұратын ең ірі заманауи, отбасылық ойын-сауық кластері саналады.

– Инвесторларды іздестіру кезінде Шымкентке Непалдан миллиардер келді. Ол біздегі осы жобаға қызығушылық танытып отыр. Қазіргі кезде оның компаниясы Дубайдағы аквапарктің жобалаушыларымен келліссөздер жүргізіп жатыр. Олар өздерінің командасымен 13 шілде күні Шымкентке келіп, үш күн бойы жобаны пысықтайды. Біз 100 гектар жерді бөлдік, ол жерде тиісті коммуникациялар бар. Жалпы жобаның құны 100 млн долларды құрап отыр. Оны іске қосуға екі жыл уақыт керек болады, – деді қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 40-тан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
  • 25 жылын құрылысқа арнады
  • Сапалы жолдар - білікті маманның жемісі
  • 25 колледждің базасы нығаяды
  • Текесу тұрғын алабына 14 шақырым су құбыры жүргізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер