Жаңа идеяға жарты миллион теңге!

 жумыс_1.jpg

Шымкент жастарынан жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік грантқа құжаттар қабылдау басталды. 18 бен 29 жас аралығындағы мегаполис тұрғындары қатыса алатын жоба нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

– Бір реттік қайтарымсыз мемлекеттік грант конкурс арқылы үлестіріледі. Қазіргі таңда 18 бен 29 жас аралығындағы еңбекке жарамды жұмыссыз жүрген жастар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардан, сондай-ақ, әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасылардан құжаттарды қабылдауды бастадық, – дейді қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Гүлбану Шанаева.

Маман айтқан санаттарға жататын азаматтар комиссия мүшелерінің алдында өз бизнес жоспарын қорғап шыққан жағдайда ғана грант иегері атана алады. Ал, грант көлемі 200 айлық есептік көрсеткішке тең. Биыл елімізде бір айлық есептік көрсеткіш 2525 теңге болып бекітілген. Яғни, грант қаржысы 505 мың теңгені құрайды.

Қалаға бөлінген грант саны – 4500. Конкурс тамыз айында басталып, грант иегерлері жыл соңына дейін анықталады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер