Көп балалы отбасыларға қайтарымсыз грант беріледі

news4227.jpg

Еліміздің үшінші мегаполисінде жаңа идеясы бар болса, онысын бизнес жоспары арқылы дәлелдей алатын жастарға қайтарымсыз грант берілмек. 18 бен 29 жас аралығындағы Шымкент тұрғындары нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын аталған жобаға құжат тапсыруды бастап кетті.  

Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Гүлбану Шанаеваның айтуынша, конкурс арқылы үлестірілетін грантқа еңбекке жарамды жұмыссыз жүрген жастар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар, сондай-ақ, әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасылар құжаттары қабылданады. Бірақ, олардың конкурсқа қатысуы үшін арнайы мамандық немесе сертификаттары болуы шарт. Ол дегеніміз, халықты жұмыспен қамту орталығының үш айлық кәсіптік оқуы немесе «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының 25 күндік «Бизнес-бастау» курсының түлегі болуы тиіс.

Қайтарымсыз гранттың саны шектеулі. Бес жүз мыңнан астам теңгеге миллионер қаланың 4500 азаматы ғана қол жеткізе алады. Конкурс тамыз айында басталып, грант иегерлері жыл соңына дейін анықталады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер