«ГАЗельді» жаңа автобус алмастырды

66931689_2274360129543607_3035508771133587456_n.jpg

Шымкентте 22 шілдеден бастап қала ішінде №96 автобус бағытында қатынайтын ескі «ГАЗель» көліктерінің орнына жолаушыларға жайлы жаңа автобустар қызмет көрсетуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай Іnstagram әлеуметтік желісінде жария етті.

«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! “Shymkent bus” автобус паркіне алынған жаңа автобустар қала ішіндегі бағыттар бойынша қызметтерін бастады. 22 шілдеден бастап №96 автобус бағытында жолаушыларға қолайлы автобустар қызмет көрсетуде. Тамыз айының ортасына дейін осындай автобустар жүретін басқа да жаңа бағыттар ашылады. Жаңа ашылған бағыттар бойынша хабарлап отырамыз» – деп жазды қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай.

Қазақстанда құрастырылған жаңа автобустар салқындатқыштармен, пандустармен, бейнекамералармен, жолаушылар ағынының датчиктерімен, GPS-трекерлермен жабдықталған. Автобустың жалпы сыйымдылығы –  56 адам.

Еске салсақ, 19 маусым қала күніне орай Шымкентте жаңа «Shymkent Bus» автобус паркі ашылған болатын. Осы күні жоспарланған 300 жаңа автобустың 160-ы жеткізілді. Жалпы автопаркте жанармай бекеті, сервистік орталық, автожуу қызметінен бөлек, қызметкерлер үшін жатақхана, медпункт және жүргізушілерге арналған асхана да қарастырылған. Қаладағы автобустарды жаңалау үшін аталған парк таяу арада жаңа 1000 автобус алмақ.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер