Шымкент шырайы тазалығынан басталады

67356133_2276359999343620_2715048732759425024_n.jpg

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Үкімет басшысы Асқар Маминнің бастамасымен TazaQazaqstan экологиялық акциясына қолдауды «Ақтас» полигонынан бастап, жалпыхалықтық сенбілікті үшінші мегаполистегі Есіл және Өндіріс көшелерінің бойындағы тазалық жұмыстарымен жалғастырды.

Ғабидолла Рахматоллаұлы әрекеті аталған аталған көшелер бойындағы №2, 3 және 4 көп қабатты үйлерінің аулалары тазартылып, жергілікті тұрғындардың жаппай қоқыс шығаруына себепкер болды. Ол осы тірлігімен-ақ Шымкенттің шырайы әсем ғимараттар мен жасыл желекті саябақтармен ғана өлшенбейтінін көрсетті. Яғни, көне болса да қаланың көркі тазалығынан басталады.

Бұл күні қалалық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мамандары көшелерге жарықшамдар орнатты. Арнайы жарықшам бағаларын тұрғызды. Мұндай көшелерді жарықтандыру жұмыстары Шымкентте тек сенбілікте ғана жүргізілмейді. Кестедегі жоспарға сәйкес сапалы жұмыстары жалғасын таба беретін болады. Сонымен қатар, Әл-Фараби аудан әкімдігінің бастамасымен аулалардағы орындықтар мен қоршаулар сырланып, балалар ойын алаңшалары абаттандырылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Қарызсыз қоғам» жобасының жүзеге асырылуы бойынша кеңейтілген жиын өтті
  • Шымкентте қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі және гендерлік саясат мәселелері талқыланды
  • Кәсібилік пен тәжірибе – басты құндылық
  • Инфрақұрылымның тынысын тірілткен маман
  • Еңбекші ауданында өрт қауіпсіздігі және улы газдың алдын алу шаралары өткізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер