Ғ.Әбдірахымов: «Әр тұрғын айналасын таза ұстау керек»


67270475_165230504636446_5370194057697951744_n.jpg

Еліміздің үшінші мегаполисінде қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жалпыхалықтық сенбілікті көрші мемлекет Өзбекстан астанасы Ташкентке апарар күре жолдың бойынан бастады. Ол тазалықты қолына қапшық алып, жол бойындағы қалдықтарды жинап, арнайы қоқыс көлігіне артты. Осылай Үкімет басшысы Асқар Маминнің бастамасымен TazaQazaqstan экологиялық акциясына қолдау көрсетті.  

– Бүгін біз ел Премьер-Министрі қолдаған TazaQazaqstan экологиялық акциясына қолдау көрсетіп отырмыз. Әсіресе, қаланың шет аймақтарына көңіл бөлу керек. Әр азамат, әр тұрғын өз айналасын таза ұстауы керек. Болашақта Шымкентті таза әрі жасыл қала ретінде көреміз, – деді қала әкімі.

Әкімдікке қарасты түрлі басқармалардың қызметкерлері, қала тұрғындары мен жастар сенбілікке белсене қатысып, Ақтас қоқыс полигоны мен Шымкент-Ташкент тасжолының бойындағы қоқысты тазалады.

Жалпы, сенбілік қаланың бірнеше жерінде өтті. Игі шараға қала тұрғындары жұмылдырылды. Белсенді шымкенттіктер әлеуметтік желіліерде жұмыстарын жарыса жариялап, отандастарына тазалық эстафетасын әрі қарай жалғастыруды ұсынды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Қарызсыз қоғам» жобасының жүзеге асырылуы бойынша кеңейтілген жиын өтті
  • Шымкентте қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі және гендерлік саясат мәселелері талқыланды
  • Кәсібилік пен тәжірибе – басты құндылық
  • Инфрақұрылымның тынысын тірілткен маман
  • Еңбекші ауданында өрт қауіпсіздігі және улы газдың алдын алу шаралары өткізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер