Шымкентте парасатты полицейлер Абай өлеңдерін оқып жарысты

67521334_2275809716065315_7826762475944017920_n.jpg

Еліміздің үшінші мегаполисінде жергілікті тәртіп сақшылары Шымкент қаласы полиция департаментінің аудандық полиция басқармаларының арасында жылда өтетін дәстүрлі «Парасатты полицей» байқауына қатысып, өнерлерін ортаға салды. Аталған өнер сайысы ішкі істер органдары қызметкерлері арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және қоғамда полиция қызметкерлері туралы оң имиджді қалыптастыруға бағытталған.

Байқау үш кезеңнен тұрды. Біріншісінде тәртіп сақшыларынан құралған әр команда басшысы өз тобын таныстырып, істің ғана емес, сөздің де шеберлері екенін байқатты. Екінші кезеңде қатысушылар өнерлерін ортаға салды. Үшінші кезеңде шымкенттік полицейлер Ләйлім-шырақ пен ел Президенті Қ.Тоқаев бастаған эстафетаны жалғастырып, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның шығармашылығынан үзінді оқыды.

Байқау қорытындысында әділқазылар алқасының жоғары ұпайына ие болып, жеңіс тұғырынан көрінген «Жол періштелері» командасы 5-6 қыркүйекте Маңғыстау облысында өтетін республикалық байқауға жолдама алды. Екінші орынға «Жұлдызды жігіттер» тобы лайық деп танылса, үздік үштікті «Әл-Фараби ұландары» қорытындылады.

Ұйымшыл топ номинациясымен «Қақпан» тобы, өнерлі команда ретінде «Абай жастары» тобы арнайы алғыс хаттармен марапатталды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 40-тан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
  • 25 жылын құрылысқа арнады
  • Сапалы жолдар - білікті маманның жемісі
  • 25 колледждің базасы нығаяды
  • Текесу тұрғын алабына 14 шақырым су құбыры жүргізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер