Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов еліміздің үшінші мегаполисіндегі инженерлік инфрақұрылым жүйелерін дамыту бойынша атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын қадағалау мақсатында шалғай шағынаудандар – «Ақжар» мен «Достыққа» барды. Аталған елді мекендерде шаһар басшысы қолға алынған құрылыс жұмыстарын аралап көрді.
Қала әкімдігінің биылғы жоспарына сәйкес, «Ақжардағы» 630 тұрғын үйді таза ауыз сумен қамту мақсатында 60 шақырымнан астам ауыз су жүйесі тартылады. Ал, «Достық» шағынауданында осы жылы ұзындығы 47 шақырым болатын электр желісі мен 110 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері тартылады. Сонымен қатар, «Достықта» келер жылы газ және кәріз жүйесі құбырларын тарту жұмыстарының құрылысы басталады.
Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов жауапты мамандарға аталған шағынаудандардағы инфрақұрылымдық жүйелерді дамытуда құрылыс сапасына баса назар аударып, жұмыстарды жоспарға сай аяқтау керектігін тапсырды.
Айта кетейік, Ғабидолла Рахматоллаұлы «Ақжар», «Достық» шағынаудандарына бармас «Асар-2» шағынауданында жергілікті тұрғындармен кездескен болатын.