Басты талап – тұрғындарға қолайлы жағдай жасау

67657239_2279309129048707_7527362161165729792_n.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен және Шымкент қалалық мәслихатының келісімімен 30 шілдеде Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалған Ерлан Қуанышұлы Айтаханов алғашқы мәжілісін шаһар басшысының орынбасарлары, аудан әкімдері мен салалық басқарма басшыларын жинап, аудандар мен басқармалардың атқарған жұмыстарымен және алдағы іс жоспарларымен танысудан бастады. 

Мегаполис басшысы ең өзекті мәселелердің бірі ретінде қаланың шалғай елдімекендерін дамыту қажеттігіне баса назар аударатынын жеткізді. Миллионер қалаға қажет инфрақұрылымның, атап айтқанда, сапалы ауызсу, газбен жабдықтау, электр қуаты, жол, жаяу жүргіншілер жолы, кәріз жүйелерінің жеткіліксіздігі мәселесін жүйелі түрде шешу қажеттігін талап етті. Аталған өзекті мәселелерді шешуді негізге ала отырып, келесі жылдың басым бағыты ретінде қаланың шалғай елдімекендерін дамытуды айқындады.

– Жергілікті билік, қаланың әр тұрғынына, олардың тұрғылықты мекенжайына қарамастан бірдей жағдай жасауы қажет, яғни, өмір сүруге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру, бұл – Елбасымыз және Президентіміздің әкімдерге қойған басты талабы, – деп ашып айтты Ерлан Қуанышұлы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 40-тан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
  • 25 жылын құрылысқа арнады
  • Сапалы жолдар - білікті маманның жемісі
  • 25 колледждің базасы нығаяды
  • Текесу тұрғын алабына 14 шақырым су құбыры жүргізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер