Шымкент мамандары қауіпсіздік ережесін түсіндірді

шомлу.jpg

Шымкент қаласындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары «Тоғыс» су қоймасына демалуға келгендермен кездесті.  Мамандар адамдарға шомылу кезінде қайғылы оқиғаларға жол бермеу мақсатында алдын алу жұмыстарын түсіндіріп, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертті.

Аптаған жаздың ыстық күндері ересектер де, балалар да суда көбірек уақыт өткізеді. Жақсы, егер шомылуға арналған арнайы орындарға шықса, ал ашық, терең су қоймалар, қатты ағысты өзендер демалушылар үшін үлкен қауіп төндіреді. Мұндай кезде балалар тағатсызданып, қауіп туралы ойланбастан, көбінесе ересектердің бақылауынсыз суға түседі.

Мамандар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың неге алып келетінін және судаға әрбір минуттың қайғы алып келуі мүмкін екенін, сондықтан да ең бірінші қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпау керек екенін әрдайым ескертуде.

Кездесу барысында суда шомылу кезінде қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ балаларды шомылу кезінде қараусыз қалдырмауларын ескертті. Түсіндірме жұмыстары және алдын алу шаралары шомылу маусымы аяқталғанға дейін жүргізілетін болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Көрінбейтін, бірақ аса жауапты қызметтің иесі
  • 26,7 тыс. человек получили дополнительную поддержку с применением скоринговой модели
  • Өнер және білім саласында жасанды интеллектті қолданудың өзекті мәселелері талқыланды
  • Юнисеф жастарының хабы ашылды
  • Еңбекші ауданында цифрлық қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер