Жол ережесін бұзу – қауіпті

67452212_2277812339198386_8369190255286288384_o.jpg

Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен жол қозғаласының қатысушылары арасындағы көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғасын төмендету, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында 24-28 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізді.

Нәтижесінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған жалпы 2950 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 27 автокөлік техникалық байқаудан өтпеген, 269 жаяу жүргіншілердің жол ережесін бұзған, 119 азамат көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған, 228 азамат қауіпсіздік белдігін тақпаған. Маневр ережесін бұзудың – 34, қозғалыстың қарсы жолағына шығудың – 5, бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп кетудің – 29, жаяу жүргіншіге басымдық бермеудің – 21, авариялық жағдай туындатудың – 2, теміржол өтпелерінен өту қағидаларын бұзудың – 7, көлік құралын мас күйде басқарудың – 6, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқаруының 24 жайты анықталып, хаттамалар толтырылды.

Шымкент қаласы Полиция департаменті азаматтарды жол қозғалысының ережелерін қатаң сақтауға шақырады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Қарызсыз қоғам» жобасының жүзеге асырылуы бойынша кеңейтілген жиын өтті
  • Шымкентте қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі және гендерлік саясат мәселелері талқыланды
  • Кәсібилік пен тәжірибе – басты құндылық
  • Инфрақұрылымның тынысын тірілткен маман
  • Еңбекші ауданында өрт қауіпсіздігі және улы газдың алдын алу шаралары өткізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер