Шымкент автобустардың қозғалыстарын он-лайн бақылауға болатын алғашқы қала

Шымкент қаласының тұрғындары мен қала қонақтары смартфондарында орнатылған 2ГИС мобильді қосымшасы арқылы күтіп тұрған автобусының қай жерде келе жатқанын сол сәтте анық көре алады. Бұл өз кезегінде шымкенттіктерге жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктерге бақылау мүмкіндігін сыйлайды.

Он-лайн режимде көруге болатын 2ГИС мобильді қосымшасын смартфон иелері Play Market дүкенінен жүктеп алуына болады. Сосын қосымша картасындағы өзіңізге қажетті аялдама белгісін саусағымен бір рет бассаңыз аялдаманың атауы көрсетіледі. Екінші рет бассаңыз сол аялдамаға тоқтайтын автобустардың бағыттық нөмірлері шығады. Сосын өзіңізге қажетті нөмірді бассаңыз, сол бағыттағы автобустың жүру сызбасын көре аласыз. Автобус жолымен қатар, қоғамдық көліктің қай жерде келе жатқанын көркге болатын қосымша адамдардың аялдамада ұзақ уақыт тұрып қалу мәселесін жеңілдетеді.

Үшінші мегапаолис тұрғындары мен қонақтарына тиімді мұндай қосымшаны қала әкімдігінің қолдауымен Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы және 2ГИС компаниясы іске қосты. Шымкент 2ГИС картасында қоғамдық көлік қозғалысы пайда болған Қазақстанның алғашқы қаласы болып отыр. Бұл жүйені Ресей астанасы Мәскеу, Санкт-Петербург және Новосибирск сынды қалалары қолданып келеді. 

Жүйе тек онлайн арқылы жұмыс істейді, сондықтан смартфонның ғаламторға қосылуы маңызды. Егер автобус кептелісте қалса немесе кез келген басқа себеппен маршруттан кетсе, өзгерістер 30 секундтан кейін картада бейнеленеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер