Коммуналдық мәселелер рет-ретімен шешіледі

67485043_2279695769010043_2454471602327257088_n.jpg

Түркістан облысынан еліміздің үшінші меаполисі Шымкентке қосылған елдімекендердің кейбірінде көлік қатынайтын жөні түзу жол да жоқ. Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов мегаполистың шалғайындағы ауылдарды аралау барасында осылай деді.

Бүгін қала басшысы Абай ауданындағы «Жаңаталап», «Игілік» тұрғын алаптарына барды. Аталған елдімекендердің инфрақұрылым жүйелерімен және әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың арыз-шағымын тыңдады. 

– Бүгінде Түркістан облысынан қала аумағына қосылған 41 елді мекен бар. Олардың көбінде әлі күнге дейін ауыз су, жарық, көгілдір отын мен тіпті қатынас үшін көше-жолдар жоқ десек те болады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының сьезінде Үкіметке ауылдық жерлерге тұрғын үй, жол салып, коммуникация тарту қажеттігін тапсырған болатын. Осы жұмыстардың барлығын мегаполиске қосылған аудандарда да жүргізуіміз қажет. Көп жылдардан бері қордаланып келе жатқан коммуналдық мәселелерді рет-ретімен шешетін боламыз, – деді Ерлан Қуанышұлы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Қарызсыз қоғам» жобасының жүзеге асырылуы бойынша кеңейтілген жиын өтті
  • Шымкентте қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі және гендерлік саясат мәселелері талқыланды
  • Кәсібилік пен тәжірибе – басты құндылық
  • Инфрақұрылымның тынысын тірілткен маман
  • Еңбекші ауданында өрт қауіпсіздігі және улы газдың алдын алу шаралары өткізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер