Шымкент әкімі проблемалы жерлерге апаруды талап етті

68535477_772082466580741_7823648474330562560_n.jpg

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Абай ауданының әкімі Бұхарбай Пармановқа және сала басшыларына елді мекендердің инфрақұрылым дамыту бойынша іс-шара жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы мегаполис басшысы Абай айданындағы «Жаңаталап» ж»не «Игілік» тұрғын алаптарына барып, аталған елді мекендердің инфрақұрылымымен танысып, тұрғындармен кездесуі баарысында айтты. 

«Жаңаталап» және «Игілік» тұрғын алаптары тұрғындары алдарына арнайы келіп тұрған қала су жаңа әкіміне адам сығылыстырып алып таситын қоғамдық көліктер – «ГАЗельдердің» бітпейтін, жылдар бойы жалғасып келе жатқан «жырынан» бастап, ауыз су, газбен және сапалы электр жарығымен қамту сынды мәселелерін айтып, шешіп беруді сұрады. Мұқият тыңдаған Ерлан Қуанышұлы тұрғындардың көтеріп отырған мәселелері орынды екенін, бірінші кезекте қала бюджеті шалғайдағы аудандардың инфрақұрылымын дамытуға жұмсалуы тиіс екендігін атап айтты. Сонымен бірге, түйінді мәселелердің уақытылы шешілуін жеке өзі қадағалайтынын жеткізді.

Осы сапарында қала әкімі аталған аудандағы жерлерде заңсыз жер қойнауын пайдаланып жатқан азаматтардың жұмыстарына назар аударды. Шаһар басшысы тиісті сала жетекшілеріне жүргізіліп жатқан жұмыстардың заңдылығын анықтап, шара көруді тапсырды. Сондай-ақ, өз мақсатында пайдаланылмай отырған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жандандыруды айтты. Сонымен қатар, ауданға жасаған жұмыс сапары барысында әкімдерден күрмеуі шешілмеген ең өзекті проблемалы нысандарды көрсетуді талап етті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер