Шымкент қаласында Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен 1 тамыздан 21 тамызға дейін жалғасатын «Денсаулық жолы» акциясы басталды. Аталған мерзім аралығында акцияға қатысу арқылы әр тұрғын медициналық тексеруден тегін өте алады.
Акция аясында қала тұрғындарын дәрігерлер жолдамасыз әрі тегін қабылдайды. Акция төменде көрсетілген орындарда сағат 10.00-17.00 аралығында өтеді:
-1 тамыз – Пахтакор елді мекеніндегі «Қара жол» дәрігерлік амбулаториясы;
- 2 тамыз – Мәртөбе елді мекені;
- 5 тамыз – Жыланбұзған елді мекені;
- 6 тамыз – Темірші әулие елді мекені;
- 7 тамыз – Жаңаталап елді мекені;
- 8 тамыз – Игілік елді мекені;
- 9 тамыз – Жиделі елді мекені;
- 12 тамыз – Асар 2 елді мекені;
- 13 тамыз – Қайнарбұлақ елді мекені;
- 14 тамыз – Ақжар елді мекені;
- 15 тамыз – Құрсай елді мекені;
- 16 тамыз – Шапырашты елді мекені;
- 19 тамыз – Тұрдыабад елді мекені;
- 20 тамыз – Сайрам елді мекені;
- 21 тамыз – Өтеміс елді мекені.
Сонымен қатар, медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында кардиолог, терапевт, эндокринолог сияқты бейінді мамандарды тарту арқылы артериялық қан қысымын, холестерин мен глюкоза, физикалық параметрлер деңгейін, денсаулық мектептерінде қауіпті факторларды түзету арқылы жеке қауіпті анықтау үшін дене салмағы индексін анықтаумен «Ашық есік күндері» өтетін болады.