Президент Шымкенттің инфрақұрылымын дамыту жоспарымен танысты

68475776_2280342898945330_3888234021917818880_n.jpg

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады. Мемлекет басшысы жаңа әкімнің Түркістан облысынан қалаға қосылған елді мекендерге жол салу, газ тарту, электр жарығымен және ауызсумен қамту бойынша жоспарымен танысты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Айтахановқа қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Еске салайық, Е.Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып 30 шілде күні тағайындалған болатын. 

Ерлан Қуанышұлы бұған дейін Түркістан облысының Отырар ауданын басқарып келген болатын. Елбасы Жарлығымен Түркістан облысы құрылып, Шымкент республикалық мәртебеге ие қала атанғанға дейін Оңтүстік Қазақстан облысын алты жарым жылдан аса уақыт басқарған Асқар Мырзахметовтің экономика жөніндегі орынбасары болды. Ол бұл қызметті 2009-2012 және 2014-2016 жылдары Отырар ауданына әкім болып тағайындалғанға дейін екі рет атқарды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 40-тан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
  • 25 жылын құрылысқа арнады
  • Сапалы жолдар - білікті маманның жемісі
  • 25 колледждің базасы нығаяды
  • Текесу тұрғын алабына 14 шақырым су құбыры жүргізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер