Шымкентте «Татуласу» орталықтары жұмыс істейді

mediation-1.jpg

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының атсалысумен мегаполис аумағында халыққа қызмет көрсететін бірқатар мемлекеттік мекемелерде «Татуласу» орталықтары ашылып, тұрғындарға қызмет көрсетуде. Қалалық «Қоғамдық келісім» коммуналдық меклекеттік мекемесінің сарапшысы, кәсіби медиатор Дана Кенжеқұлованың сөзіне сенсек, осы күнге дейін 150-ден астам дауға қоғамдық медиаторлардың ықпалымен нүкте қойылып, екі тараптар өзара келісімдерге келген.

– Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Шымкент шаһарында бес медиация орталығымен әріптестік байланыс орнатып, 51-ден астам қоғамдық медиаторлардың дерекқорын түзді. Нәтижесінде қала аумағындағы әкімдіктерде, халыққа қызмет көрсететін бірқатар мемлекеттік мекемелерде «Татуласу» орталықтары ашылды. Медиация кабинетінің және қаладағы қоғамдық медиаторлардың ықпалымен туындаған 150-ден астам дауға нүкте қойылып, тараптар келісімге келді, – дейді Дана Кенжеқұлова.

Бұл бағытта қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен қоғамдық медиация институтын дамыту және жаңа әдістерді енгізу бойынша мегаполистің барлық аудандарында, шалғай елдімекендерінде семинарлар өткізілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 40-тан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
  • 25 жылын құрылысқа арнады
  • Сапалы жолдар - білікті маманның жемісі
  • 25 колледждің базасы нығаяды
  • Текесу тұрғын алабына 14 шақырым су құбыры жүргізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер