Шымкент қаласында, жол салу, су, газ, кәріз құбырлары мен электр желілерін тарту құрылыстары жұмыстарына жеке инвесторларды қатыстытыру қажет. Бұл туралы қала әкімі Ерлан Айтаханов күн тәртібінде Түркістан облысынан Шымкент шаһарына қосылған 41 елді мекеннің инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралған жиында айтты.
Тұрғындарға өмір сүруге қолайлы ортаны қалыптастыру әкімдіктің басты мақсаты екенін айтқан шаһар басшысы ең алдымен қаланы қоқыстан тазартуды, сонымен қоса шалғайдағы елді мекен тұрғындары үшін тұрақты түрде көшпелі медицина қызметі мен жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар, аппарат отырысында жылу беру маусымына дайындық барысы мен жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары пысықталды. Онда салаға жауапты мамандар жылыту маусымына дайындық кестеге сай жүргізіліп жатқанын айтып, 20 тамызға дейін медициналық мекемелер мен мектептер қысқа дайын болатынын мәлім етті. Әкім жылу маусымына дайындықты бақылауда ұстауды тапсырып, штаб отырысын аптасына екі рет өткізуді міндеттеді.
Өткен жылғы жіберілген кемшіліктерден сабақ алуды ескерте келе, биыл ондай жағдайлардың қайталанбау қажеттігін ескертті.