Қаратөбеліктер мен сәулеліктер қала әкімдігіне тіке қатынайды

67955994_2439456692769255_2415028916193329152_n.jpg

Шымкентте жолаушылар тасымалдау саласында тағы жаңа 2 бағыт ашылды. «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» өкілдерінің мәліметінше, №113 және №10 бағыттарда жаңа автобустар қатынауда.

№113 бағытындағы жаңа жолаушылары көліктері Нұрсәт-3 шағынауданынан шығып, әкімшілік іскерлік орталық арқылы Нұрсәт шағынауданын толықтай аралап, орталық саябақ, Қырғы базарды қамтып, Леңгір қаласына барар жолмен №7 Шымкент қалалық емханасына дейінгі аралықта жолаушылар тасымалдайды. Нұрсәт-3 шағынауданы мен №7 емхана арасы 16,5 шақырымды құрайды. Сол сияқты қаланың бір жақ шетіндегі Сәуле шағынауданы тұрғындарын әкімшілік іскерлік орталығына бір автобуспен қатынауға мүмкіндік беретін №10 жаңа бағыттың да соңғы аялдамасы Нұрсәт-3 шағынауданы. Бұл екі аралық 23 шақырым екен.

Еске салайық, 19 маусым – қала күніне орай Шымкентте жаңа «Shymkent Bus» автобус паркі ашылған болатын. Сол күні мегаполиске жаңа 160 автобус жеткізілген еді. Олардың біразы 4-5 бағытты жаңалап, «ГАЗель» көліктерін алмастырды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Текесу тұрғын алабына 14 шақырым су құбыры жүргізілді
  • Көксайлықтар жаңа пәтерге қоныстанды
  • Көліктің «дәрігері» - автослесарь
  • «Таза Қала» атты профилактикалық іс-шарасы: Тазалық пен тәртіп- басты назарда
  • Президент Антониу Гутерришке алғыс айтты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер