Айтаханов имамдарды қабылдады

67643135_2282968055349481_7732996987615707136_n.jpg

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Б.Бейсенбаев және имам орынбасарлары қабылдады. Кездесу барысында алдағы келе жатқан «Құрбан айт» мерекесінің келуіне орай бірқатар мәселелер жөнінде әңгіме қозғалды.

Қала басшысы өз сөзінде қазіргі уақыттағы дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі болған және көптің назарынан тыс қалған дәстүрлі дініміздің қазақы дәстүрімізге сай болу керектігін тілге тиек етті.

– Жастар арасында дәстүрлі дінімізді насихаттауда ел арасындағы белсенді де беделді қариялардың ықпалымен, ақыл-кеңесімен жеткізу мақсатында жиі басқосулар қажет. Үлкенді сыйлаған қазақ емеспіз бе, үлкендер насихат айтса, жастар да мойын бұрары сөзсіз, – деді Ерлан Қуанышұлы.

Сонымен бірге, қала басшысы дін өкілдеріне осы саладағы туындаған өзекті мәселелері жөнінде әрдайым қолдайтындығын жеткізді.

Кездесу соңында қала әкіміне Отырар ауданында республика деңгейінде дін саласында ұйымдастырған іс-шарасы үшін ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының «Алғыс хатын» табыс етті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ретсіз сауда орындарымен күрес күшейген
  • Дөңес кезекшісі – тасымал қауіпсіздігінің қырағы сақшысы
  • Тассайдағы 1700 үй көгілдір отынмен қамтамасыз етілді
  • Қаланың қыс маусымына дайындығы жоғары
  • Депутат тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер