Мегаполисте бақылаусыз мал союға болмайды

67979460_2284307665215520_8460789306275921920_n.jpg

Еліміздің үшінші қаласында мал тиісті орындарда ветеринар мамандардың бақылауымен сойылуы қажет. Бұл туралы Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы ветеринария және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау бөлімінің басшысы Манарбек Ержігітов мәлімдеді.

Шымкентте заңсыз мал союды, сатуды тоқтату және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қала тұрғындарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қалалық ветеринария және СЭС саласының мамандарының, сонымен қатар мал сою бекеттерінің өкілдері қатысқан жиында осы талаптарды сақтау жөнінде бірқатар мәселелер талқыланып, зерделенді.

Бүгінде Шымкентте талапқа сәйкес 8 мал сою бекеті жұмыс істейді. Ветеринария және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау бөлімінің басшысы Манарбек Аманқұлұлының айтуынша мал сою бекеттерінде арнайы еттің сапасын тексеретін зертхана болуы тиіс. Ең басты мәселе – азық-түлік қауіпсіздігі. Бұл бағытта тәртіп сақшылары да белсенді жұмыс істеуі қажет. Бүгінде М.Х.Дулати көшесіндегі заңсыз мал союшылардың ісі сотқа өткен.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер