Шымкентте талапқа сай 8 мал сою бекеті жұмыс істейді

67643733_2284308495215437_8001519790365605888_o.jpg

Елімізде 11 тамызда мұсылман жамағаты үшін қасиеті мол «Құрбан айт» мерекесі басталады. Осыған орай Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы ветеринария және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау бөлімінің басшысы Манарбек Ержігітов, Шымкент қаласы «Ақмешіт» орталық мешіті бас имамының орынбасары Ахметжан Керімбек, ветеринария және СЭС саласының мамандары және мал сою бекеттерінің өкілдері қатысуымен бірқатар мәселелер талқыланған жиын өтті.

Мамандар үш күнге жалғасатын үлкен айтта азаматтардың Шымкент қаласында талапқа сай 8 мал сою бекетінде ветеринар маманның бақылауымен құрбандық шалу қажеттігін айтады. Ал, олардың тізімі мынадай: 

- «Халал Қассаб» ЖШС (мал сою бекеті) – Шымкент қаласы, 203 орам 1989 құрылыс; 

- «Замин» ЖШС (мал сою бекеті) – Қаратау ауданы, Сайрам елдімекені, Сатыбалдиев №13; 

- «Бәйтерек Агро» АШӨК» (мал сою бекеті) – Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы, 72/5; 

- «Ақ мал ЛДТ» ЖШС (мал сою бекеті) – Қаратау ауданы Сайрам елдімекені, Әл-Фараби көшесі, н/з; 

- «Марат KZ» ЖШС (мал сою алаңы) – Әл-Фараби ауданы, Рашидов көшесі, № 55; 

- «Қазығұрт» БРБ (мал сою алаңы) – Еңбекші ауданы, Қапал батыр н/з; 

- «РАУ» ШҚ (мал сою алаңы) – Еңбекші ауданы, Қазығұрт квартал, № 2071; 

- «Миркаликов» ЖК – Сайрам тұрғын алабы, Әмір Темір көшесі, № 32 А.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер