Шымкент мәдениетіне «Түріксой» да үлес қосады

68720924_2288459594800327_5879389823940165632_n.jpg

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов «Түрксой» халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновпен кездесті. Жылы жүздесу Шымкент қалалық әкімдігінде өтті.

Басқосуда екі тарап түркі мәдениетін, дәстүрілерін және өнерлерін жан-жақты дамыту туралы әңгіме өрбітті. Аталған бағыттағы мәдени шараларға қазақ руһаниятында ойып алар орны бар еліміздің үшінші мегаполисінің қосар үлесінің үлкен екендігі айтылды. 

Өз кезегінде Ерлан Қуанышұлы «Түрксой» халықаралық ұйымының Бас хатшысына келер жылы Шымкент шаһарында өтетін ТМД елдерінің мәдени астана жылында өткізілетін іс-шаралар барысымен таныстырды. Қала әкімі барша түркі халқын аталмыш іс-шараның қадірлі қонағы болуға шақырды.

Дүйсен Қасейінов «Түрксой» ұйымы алыстағы ағайынның дәнекері екенін айтып, халықаралық шаралармен бірге түркітілдес елдер арасында өтетін байқауларға қатысуға әрқашан қолдау көрсететіндігін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы болып, 2017 жылы Сочи қаласында өткен ТМД елдері басшыларының саммитінде бекітілді. Мұндай мәртебе Шымкентке бекер берілген жоқ. Соңғы 5 жылдың ішінде қала аумағы 117 мың гектарға кеңейіп, жаңа аудандар қосылды. Экономикасы өсті. Елбасы Жарлығымен республикалық мәртебе берілген қалада мәдени шараларды өткізетін жаңа нысандар бой көтерді. Бұл өз кезегінде еліміздегі үшінші мегаполистің әлеуетін арттыруға үлкен мүмкіндік береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер