Шымкент құрылысшыларының еліміздің өркендеуінде үлесі үлкен

68661071_2288425851470368_2996800541587144704_o.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов пен қала құрылысшыларына алғыс хат жолдады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Хатта Өмірзақ Естайұлы қала әкімі мен құрылысшыларды Елбасы тапсырмасы бойынша Түркістан қаласын түркі әлемінің рухан-мәдени орталығы ретінде қалыптастыру жолында және оқ-дәрі қоймасының жарылыстарынан зардап шеккен Арыс қаласын қалпына келтіру жолында белсенді еңбек етіп жатқандары үшін алғысын айтып, жылы лебізін білдірген.

«Құрметті Ерлан Қуанышұлы! Сізді және бүкіл Шымкент қаласының құрылысшыларын киелі Түркістан шаһарындағы құрылыс алаңдарында және Төтенше жағдай жарияланған Арыс қаласында еңбек етіп жатқан барлық құрылысшылар мен қызметкерлерді кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларына бақыт, атқарып жатқан абыройлы жұмыстарына табыс тілеймін! Келешекте еліміздің өркендеуіне және дамуына қарқынды үлес қоса беретіндеріңізге зор сенім артамын!», - делінген алғыс хатта.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Көксайлықтар жаңа пәтерге қоныстанды
  • Көліктің «дәрігері» - автослесарь
  • «Таза Қала» атты профилактикалық іс-шарасы: Тазалық пен тәртіп- басты назарда
  • Президент Антониу Гутерришке алғыс айтты
  • Зауыттың тірегі – жұмысшы мамандар
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер