Шымкент әкімі іскер азаматтарды қолдайды

68717061_2289403694705917_5573425931550195712_n.jpg

Үшінші мегаполистің әкімі іскер азаматтарды қарапайым заттар экономикасы бағыты мен қала тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылық саласындағы жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Ерлан Айтаханов жергілікті кәсіпкерлердің проблемасын тыңдау мақсатында алқалы жиын өткізді. Жиынға шағын және орта бизнес өкілдері, ірі кәсіпкерлер мен кәсіпкерлерге қолдау көрсететін ұйым басшылары қатысты. Олар «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының орындалу барысын, жаңа жобалар мен оларды жүзеге асырудағы кедергілер туралы ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, проблемаларды шешу жолдарын талқылап, қала басшылығына ұсыныстарын жеткізді.

Әкім қала экономикасы үшін кәсіпкерліктің маңыздылығына тоқталып, Шымкентте шағын және орта бизнесті дамытудың әлеуеті зор екенін айтты. Монымен қатар, іскер азаматтарды қарапайым заттар экономикасы бағыты мен қала тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылық саласындағы жобаларды жүзеге асыруға да шақырды.

Жиын соңында Е.Айтаханов кәсіпкерлермен осындай ауқымды көлемде тұрақты түрде кездесіп тұратындығын жеткізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер