Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен еліміздің үшінші мегаполисінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мамандары тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру жұмыстары аясында «Білім ал – капиталыңды өсір» тақырыбында ауқымды оқу тренингін өткізді.
Аталған тренинг асяндағы білім беру бағдарламасы ең алдымен әлеуметтік тұрмысы төмен тұрғындарға арналған. Бірақ, оған кез-келген адамның қатысуына мүмкіндігі бар. Бұл тыңдаушылар үшін қаржылық сауаттылықтың негізін түсінуге, аудиторияға өзінің жекеменшік қаржылық қорын өздігімен басқара білуге көмектеседі.
Тренингке қатысушыларға қаржылық нарықтың жұмысы, қаржы институттары мен олардың ұсынатын өнімдері, тәжірибе мен дұрыс қолдану жолдарын жеңіл әрі түсінікті тілде түсіндірілді. Олар қаржылық сауаттылық тақырыбы аясында түрлі лекциялар тыңдады.
Шымкенттердің қаржылық сауатын арттыруға бағытталған бұл семинардың қарапайым тұрғындар үшін берері мол. Қазақстан Ұлттық банкінің қаржы институттарының мамандарымен бірге ұйымдастырған мұндай ауқымды ақпаратты-түсіндіру іс-шаралар еліміздің үшінші мегаполисінен басқа аймақтарда да өткізілмек.