Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен №1 қалалық клиникалық ауруханасының аумағында Косультативтік диагностикалық орталық ашылды. Бұл орталықта жоғары білімді және жоғары санатты дәрігерлер қабылдау жүргізуде. Косультативтік диагностикалық орталық бөлімшесінде амбулаторлық емханалық бағытта тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және ақылы түрде медициналық қызмет түрлері көрсетіледі.
Косультативтік диагностикалық орталық бөлімшесінің шаһардағы басқа емханалармен салыстырмалы түрде қарағанда көрсетілетін медициналық көмектердің бағалары әлдеқайда төмен. Сонымен қатар бұл емханада көптеген диагностикалық тексеру түрлері МРТ, КТ, УЗИ, ФГДС, ЭКГ, физиоемдеу бөлмелері, рентгенография, клиникалық, гематологиялық, биохимиялық, бактериологиялық зерттеулер жасалады. Аталған орталықта хирург, лор, жақ бет хирургы, терапевт, травматолог, невропатолог, уролог, практолог, гинеколог, нейрохирург, сосудистый хирург, нефролог, физиотерапевт, трансплантолог дәрігерлер сапалы медициналық көмек көрсетеді.
Айта кетейік, жуырда Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының трансплантологтары туыстық бауыр мүшесін ауыстыру отасын 5 сағат 48 минутта жасады. Бұл рекорд – әлемде аталған саланың биігінде тұрған Оңтүстік Корея дәрігерлерінің көрсеткішіне аздап жақындады деген сөз. Ал, бас дәрігер Абылай Донбайдың өзі бүгінге дейін 40-қа жуық бауыр және 100-ден аса бүйрек ауыстыру отасын істеген.