Шымкентте аналар ардақталды

аналар.jpg

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында көпбалалы аналарға арнайы награда табыс етілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 шілдедегі №80 Жарлығына сәйкес Президенттің атынан жеті бала тәрбиелеп өсірген 4 анаға «Алтын алқа» және алты бала тәрбиелеп өсірген 14 анаға «Күміс алқа» наградасы тағылды. Мерейге бөленген аяулы жандарға куәліктерді Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов табыстады.

– Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін! Әр ананың арманы – баласын биіктен көру. Ұл-қыздардың тілегі – ата-ананың амандығы. Ал, бүгінгі балалар еліміздің ертеңгі келешегі. Сол ел аманатын арқалайтын азаматтарымызды дүниеге келтірген сіздердің дұрыс тәлім-тәрбие беруде де үлестеріңіз үлкен. Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, ұл-қыздарыңыздын қызығын көріп, бірге қуанып жүре беруге тілектеспін! Ақ жаулықты әже болыңыздар, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деді Ғабит Патшаханұлы.

Жалпы Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы бойынша 4900 көп балалы ана бар, олардың 351-і «Алтын алқа» және 1300-і «Күміс алқа» иегерлері.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер