Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент қаласында «7-20-25» бағдарламасымен баспана алуға 845 аазамат өтініш берген. Оның 472-ісінің өтініші қолдау тапқан. Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында қаладағы банк өкілдері және құрылыс басқармасы мамандарының өңірдегі «7-20-25» бағдарламасының жүзеге асу жайын талқылауда айтылды.
Басқосуға Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев, «Ұлттық Банк» бөлімшесінің және «Баспана» акционерлік қоғамының ипотекалық ұйымының өкілдері мен «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бауыржан Қуанышбеков, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңестің мүшелері, бұқаралық ақпарат құраладары өкілдері қатысты.
Жиында қатысушылар «7-20-25» бағдарламасы аясында алдағы уақытта жұмыстарды жандандыру және пәтер алушыларға қолайлы жағдай туғызу керектігін атап өтті.
Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Өтенбаевтың айтуынша, аталған бағдарламаны жүзеге асыру бойынша 2019 жылы Шымкент қаласының жалпы 132 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған.