Шымкент депутаттары сайлау округтерінің әлеуметтік карталарын жасайды

нурсаяси.jpg

Бүгін қала әкімі Е.Айтахановтың қастысуымен өткен «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының партиялық активінің мәжілісінде Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында қабылданған шешімдерден туындайтын міндеттер белгіленді.

Шаһар басшысы мәслихаттағы 27 фракция мүшесі халықпен тығыз жұмыс істеп жатқанын айтып, мемлекет тарапынан жүзеге асып жатқан бағдарламалардың орындалуына партиялық бақылауды күшейтудің қажет екенін атап айтты. Өз кезегінде Шымкент қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Бекайдар Төлегенов партияның бастауыш ұйымдарында, фракция отырысында бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жоспарлар түзіліп, алдағы міндеттер нақтыланғанын жеткізді.

– Қаладағы тұрғылықты халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін фракция тарапынан нақты жұмыстар істелуі керек. Әрбір депутат азаматтарға жақын болуы тиіс. Біз фракция отырысында барлық депутат өз сайлау округінің әлеуметтік картасын жасау бойынша келісімге келдік. Бұл жерде әр округ бойынша басымдық берілетін проблемалар белгіленіп, бюджет талқылау барысында сол мәселеге көбірек көңіл бөлінетін болады, – деді Б.Төлегенов.

Жиынға қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл қаладағы Самғау сенім оңалту орталығының жұмысына тоқталып, ажырасу бүгінде маңызды мәселелердің біріне айналғанын айтты.

Айта кетейік, басқосуға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев, Республикалық саяси кеңес мүшесі Алия Юсупова, қалалық және аудандық филиал жанындағы Саяси кеңес мүшелері мен партия ардагерлері, қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясы мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелері қатысты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер