Шымкентте Полицияның екінші фронт-офисі ашылды

фронт-офис.jpg

Бүгін еліміздің үшінші мегаполисінде ішкі істер органдарының ашықтығын қамтамасыз ету және халыққа қызмет көрсету сервисін заманауи талаптарға сай жүзеге асыру мақсатында Еңбекші ауданы Полиция басқармасының ғимаратында Шымкент қаласы Полиция департаментінің екінші фронт-офисі ресми ашылды. Ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұртай Қайрат және Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов қатысты. 

Мұнда келген халық өзіне қажетті кеңесін алып, өтініштері мен басқа да құжаттарын қысқа мерзімде қабылдануына мүмкіндік алады. Қала тұрғындары ішкі істер органдарына қатысты сұрақтарына жауап алып, қабылданған арыз-шағымдардың қаралуын қадағалай алады.

Фронт-офиске келген азаматтарға ыңғайлы болу үшін күту залы, ресепшн, кеңес беретін азаматтардың жұмыс орнында қызметкерлерге қажетті компьютерлік құрал-жабдықтар мен базалар орнатылған. Арыздардың басым бөлігі лицензиялау-рұқсат беру жүйесі, әкімшілік тәжірибе, қылмыстық істерді тергеу мәселелеріне қатысты болғандықтан, фронт-офис алаңында осы мәселелерге қатысты құзыретті қызметкерлер, яғни жергілікті полиция қызметі, әкімшілік тәжірибе инспекторлары, анықтаушылар мен тергеушілер қызмет көрсетеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кәсіпорындарда цифрландыру және технологиялық жаңғырту жұмыстары басталды
  • Алтынтөбе тұрғын алабын газбен қамтамасыз ету жобасы аяқталуға жақын
  • Қазақстан экономикасының өсуі: Cаннан – сапаға қарай
  • Шымкент қаласының әкімі құрылыс және абаттандыру нысандарын аралады
  • В Шымкенте прошла республиканская акция «Народный юрист»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер