Полицияға көмектескен шымкенттіктерге құрмет көрсетілді

полсмен.jpg

Бүгін Шымкент қаласындағы «Наурыз» алаңында Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай өткен мерекелік іс-шарада полицияға көмектескен тұрғындар марапатталды. Іс-шараға қала Әкімшілігінің және Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылары, сондай-ақ Департаменттің жеке құрамы, Ішкі істер органдарының ардагерлері, БАҚ өкілдері және әлеуметтік белсенділер қатысты.

Мерекелік шараны құттықтау сөзімен ашқан қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай Полиция департаментінің қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін мінсіз орындап, азаматтардың бостандықтары мен конституциялық құқықтарын абыроймен қорғауда абырой биігінен көріне берулерін тілеп, жауапкершілігі мол жұмыстарына сәттілік серік болсын деген тілегін жеткізді.

Маңызы мол мерекеде Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ералы Жумаханбетовтың бұйрығымен қылмыстың алдын алуға, жолын кесуге және ашуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қамтамасыз етуге белсенді қатысқандары үшін Шымкент қаласының тұрғындары Анетов Тенельбай Минтурганович және Тауырбаева Гүлнар Узакбаевна, Ленгір қаласының тұрғыны Байзакова Гүлманат Тулегеновна грамотамен марапатталды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер