Бүгін «Наурыз» алаңында Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай қатысып, Полиция департаментінің қызметкерлерін құттықтап, жауапкершілігі мол жұмыстарына сәттілік тіледі.
Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ералы Жумаханбетов жиналған қауым алдында жылы лебізін білдірді.
Салтанатты жиында Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тургумбаевтың бұйрығымен «Кезектен тыс арнайы шені» – 1, «Атқарып отырған штаттық лауазымынан бір саты жоғары арнайы шені» – 1, «Құқықтық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальмен – 1, ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен – 2, «Құрмет грамотасымен» – 1, грамотамен – 2, алғыс хатпен 2 қызметкер марапатталды.
Ішкі істер органдарының имиджін көтеруге бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде кеңінен насихаттап, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қамтамасыз етуге белсенді қатысқандары үшін журналистер мен блогерлер Уәли Қыдыров, Мұхтар Атабек, Мұхтар Серікбаев, Әсет Әссанди, Айгүл Орынбек, Анаркүл Сүлеева грамотамен марапатталды.
Сондай-ақ осы бұйрықпен 9-грамота, 12-алғыс хат және 40 қызметкерге алғыс жарияланып, 70 қызметкерге лейтенант шені берілді.
Іс-шара соңында Департаменттің жеке құрамы саптық шерумен салтанатты түрде өтті.