Айтаханов шымкенттіктерге жер беруді қолдады

кк.jpg

Шымкент әкімі Ерлан Айтаханов қала тұрғындарына пәтер орнына үй салатын жер беру туралы ұсынысты қолдайды. Бұл туралы шаһар басшысының қатысумен өткен Қоғамдық кеңесің отырысында айтылды.

– Бүгінгі таңда азық-түлік бағасының қымбаттауының негізгі себебі – қала халқының көпқабатты үйлерге көп қоныстанып, егін егумен, мал асыраумен айналысуды қойып бара жатқандығы. Бәрінің арманы пәтер, ал азық-түлік пен керек-жарақты ойлап жатқандар жоқтың қасы. Сондықтан, қала тұрғындарына көпқабатты үйден пәтер емес, үй салатын және егістік пен жайылымға жер беру керек деп ойлаймын, – деді Қоғамдық кеңес мүшесі Жанысбек Тұрсынәліұлы.

Ерлан Қуанышұлы бұл ұсынысты қолдайтынын білдірді.

– Азық-түлік бағасына байланысты мәселені шешу үшін бұрынғы қарым-қатынастарды орнату керек. Яғни, Түркістан облысымен бірігіп үлкен жәрмеңкелер өткізуді жандандырып, аудандарды Шымкентке тарту қажет. Әйтпесе, азық-түлік мәселесін мүлдем шеше алмаймыз. Сонымен қатар, қала аумағындағы егістік жерлерді пайдалану да жоспарда бар. Сондай-ақ, көпқабатты үйлердің тұрғындарының мүмкіндігі жер үйде тұратын адамдарға қарағанда әлдеқайда шектеулі деген пікірді қолдаймын. Бұл ойымды төрт ауданды аралаған кезде де тұрғындардың өзіне ұсыныс ретінде айттым. Жайылымы мен егістік жерлері бар адамдар жұмыс істеу керек. Тиісінше, мемлекет тарапынан оларға бірқатар көмектер көрсетіледі, – деді қала әкімі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер